Алматыда қазанның басында жоғалып кеткен ер адам өлі табылды
Алматыда жарты ай бұрын жоғалып кеткен ер адам өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-да жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
1984 жылы туған Лебанидзе Давид Давидович 9 қазанда кешке жоғалып кеткен. Ер адам Бостандық ауданы, Балбөбек көшесіндегі үйінен шығып кеткен.
Белгілері: бойы 170 сантиметр, дене бітімі арық, тақырбас, көзі қоңыр.
Үстіне қара джинсы күрте, сұр шалбар, қоңыр мокасин киген. Қолында барсетка сөмкесі болған.
Еріктілердің мәліметінше, жоғалған адам 16 қазанда өлі табылды.