“Бёрнли“ ойсырай жеңілгеннен кейін бас бапкерін қызметінен босатты
Қазақстан құрамасының ойыншысы Дастан Сәтбаев өнер көрсететін Англияның "Бёрнли" клубының бас бапкер Ники Хайенді қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengri Sport клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұндай шешім команда Чемпионшиптің 12-турында "Линкольн Ситиден" 1:4 есебімен ойсырай жеңілгеннен кейін қабылданды. Осы кездесуде 18 жастағы қазақстандық футболшы жарақатынан айыққан соң алғаш рет негізгі құрамда алаңға шықты. Алайда 59-минутта оның орнына басқа ойыншы қосылды.
"Бёрнли" футбол...