Дастан Сәтбаев жарақатына байланысты бірнеше апта бойы алаңға шықпайды
Қазақстан құрамасы мен Англияның "Бернли" вингері Дастан Сәтбаев жарақатына байланысты бірнеше апта бойы алаңға шықпайды, -деп хабарлайды Tengri Sport Burnley Express-ке сілтеме жасап.
Сенбі күні өткен чемпионаттың 5-турындағы "Бристоль Ситиге" қарсы матчтен кейін "Бёрнлидің" бас бапкері Ники Хайен қазақстандық футболшының қашан қатарға қосылатынын айтты.
Еске салайық, 4-турда "Мидлсброға" қарсы кездесуде Сәтбаев 81 минут ойнап, алаңнан көрермендердің қошеметімен шыққан кезде сол аяғын ұстап кеткен еді.