Мысырда танымал тележүргізуші өлім жазасына кесілді
Мысырда тележүргізуші әрі продюсер Сара Халифа дарға асу арқылы өлім жазасына кесілді. 39 жастағы әйел ірі көлемдегі есірткі тасымалына қатысты іс бойынша күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Al-Ahram басылымына сілтеме жасап.
"Орындалмайтын миссия" (Mission Impossible) криминалдық бағдарламасының 39 жастағы жүргізушісімен бірге тағы 11 адам ең ауыр жазаға тартылды..
Тергеу мәліметтері бойынша, айыпталушылар шикізат әкелумен, синтетикалық есірткілерді қолдан жасап, өткізумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері болған.