Ақмола облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты - 23 тонна пияз шашылды
Ақмола облысында пияз тиеген Volvo жүк көлігі жүріп келе жатқан локомотивпен соқтығысты. Салдарынан шамамен 23 тонна көкөніс шашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салатын белгісіне қарамастан теміржол өткеліне шығып кеткен. Сол жерде локомотивпен соқтығысқан.
"Полиция қызметкерлері оқиға орнында бірден жол қозғалысын реттеуге кірісіп, қауіпсіздікті қамтамасыз етті....