Қытай ЖИ көмегімен жасалған алғашқы дәріні мақұлдады
Қытайдың Медициналық өнімдер жөніндегі ұлттық басқармасы (NMPA) жасанды интеллект көмегімен жасалған инновациялық препаратты алғаш рет мақұлдады. Mprosevir деп аталатын дәрі COVID-19-ды емдеуге арналған, - деп хабарлайды Tengri Health тілшісі Global Times-қа сілтеме жасап.
Препаратты жасап шығаруға небәрі 3,5 жыл кеткен. Бұл уақытта ғалымдар перспективалы молекуланы іздеуден бастап, клиникалық сынақтарды сәтті аяқтауға дейінгі барлық кезеңнен өткен. Ал мұндай деңгейдегі дәріні дәстүрлі тәсілмен жасау әдетте 10–15 жылға созылады.