Астананың қақ ортасында жаңа саябақ бой көтерді
Астанада Ақорда, Құрылтай және Үкімет ғимараттарының маңында жаңа қоғамдық кеңістік жасақталды. Tengrinews.kz тілшілері шағын саябақты аралап көрді.
Бұған дейін бұл аумақтың басым бөлігіне тас төселген еді.
Қазір бұл жердің келбеті едәуір өзгерген. Астана қаласының Құрылыс басқармасының мәліметінше, жұмыстар көгалдандырылған аумақты ұлғайтып, елорданың әкімшілік орталығын абаттандыруға бағытталған.
"Жобаның басты мақсаты - елорданың негізгі әкімшілік ғимараттары орналасқан аумақты бұрынғы айбарын сақтай отырып...