Ұлттық банктің шешімі теңге мен долларға қалай әсер етеді? Экономистер болжам жасады
Базалық мөлшерлеменің төмендеуі теңге мен доллар бағамына қалай әсер етеді? Қазір валюта сатып алған дұрыс па, әлде жинақты теңгеде сақтаған тиімді ме? Болашақта не болмақ және "тез пайда табамыз" деген күмәнді тәсілдерге алданып, ақшадан айырылып қалмау үшін не істеу керек? Бұл сауалдарға Tengrinews.kz тілшісіне сарапшылар жауап берді.
Базалық мөлшерлеме төмендеді
Өткен жұмада, 4 қыркүйекте, Қазақстанда базалық мөлшерлеме тағы да төмендеп, жылдық 16,25 пайыз болды. Бұл - қатарынан үшінші рет төмендеу...