“XX ғасыр қарақшылары“ фильмінің актері Тадеуш Касьянов өмірден өтті
КСРО-да каратэнің дамуына жол ашқан мамандардың бірі, каскадер әрі актер Тадеуш Касьянов 87жасында қайтыс болды. Миллиондаған көрермен оны аты аңызға айналған "XX ғасыр қарақшылары" боевигіндегі боцман рөлі арқылы жақсы таниды, - деп хабарлайды Tengri Life.
Қаралы хабарды Бүкілресейлік қоян-қолтық ұрыс және дәстүрлі каратэ федерациясының вице-президенті, Халықаралық жекпе-жек өнері одағының вице-президенті Олег Авдыш жеткізді. Оның айтуынша, Касьянов 3 қыркүйектен 4 қыркүйекке қараған түні өмірден өткен.