Алматыда аптап, Астанада жаңбыр: синоптиктер алдағы үш күнге болжам жасады
Астана мен Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астана
17 тамызда көшпелі бұлтты болады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, күндіз екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +11…+13 градус, күндіз +21…+23 градус болады.
18 тамыз: көшпелі бұлтты болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 7–12 метр, күндіз екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді.