Экс-депутат Базарбек адам қағып кетті ме? Полиция не дейді?
Желіде Мәжілістің экс-депутаты Бақытжан Базарбек жол апатына түскені туралы ақпарат тарады. Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Жаяу жүргіншіні көлік қақты" - желіде не жазылып жатыр?
Telegram-арналардың бірінде кеше кешке Жамбыл облысының Рысқұлов ауданында жол апаты болғаны туралы жазба жарияланды. Ондағы мәліметке қарағанда, Батыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолында 36 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен.