Месси пенальти сала алмады: “Интер Майами“ матчте есе жіберді
"Интер Майами" Major League Soccer (MLS) тұрақты чемпионаты аясында "Нэшвиллден" ірі есеппен жеңілді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Матч Нэшвиллде (АҚШ) өтіп, алаң иелері қарсыластарын 4:1 есебімен жеңді.
"Нэшвилл" сапында 49-шы және 63-ші минуттарда гол соққан Хани Мухтар дубль авторы атанды. Тағы бір-бір голдан Энди Нахар (17-минут) мен Сэм Сарридж (56-минут) еншісіне жазды. Бірінші таймға қосылған уақытта Лионель Мессидің пасынан Теласко Сеговия "Интер Майамидің" жалғыз голын соқты.
Аргентиналық...