Қазақстандықтар Германиядағы Гран-приде алты алтын жеңіп алды
Қазақстандық грек-рим күресі балуандары Дортмундта (Германия) өткен Гран-при турнирінде алты алтын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengri Sport федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы 6 алтын, 4 күміс және 5 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
Арсен Жұма (55 келіге дейін), Айбек Айтбеков (60 келіге дейін), Айдос Сұлтанғали (63 келіге дейін), Бағдат Сабаз (67 келіге дейін), Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін) және Мерей Мәулітқанов (77 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.