Қазақстанда екі жаңа мемлекеттік награда пайда болады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын мемлекеттік наградалар тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол мәдениет пен өнер ұлттық болмысымыздың берік тірегі екенін атап өтті.
"Сондықтан жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілді. Осы ретте...