1 миллион терек: Астана жасыл қалаға айнала ма
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында биыл қалада 1 миллион жасыл желек отырғызылатыны туралы жазды. Бұл туралы елорданың әкімдігі мәлім еттті.
— Ауа райының жылынуына байланысты елордада жөндеу-қалпына келтіру және абаттандыру бойынша ауқымды жұмыс басталды. Әріптестеріммен бірге қаланың барлық ауданын аралап шығамыз. Жаяу аралау барысында жұмыс жоспарына түзетулер енгіземіз. Осы демалыс күндері жол салу және жөндеу жұмысы басталады. Сол сияқты қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмысы басталды.