Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот оны "алаяқтық" және "пара алу" баптары бойынша кінәлі деп танып, 6 жыл түрме жазасын берді. Бұған қоса, өмір бойы мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырды. Оның көлігі де тәркіленбек. Ол қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді.
Бұған дейін прокурор оған 6 жыл түрме жазасын сұраған. Прокурор оның өкінгенін, шығынды толтырғанын және кішкентай балаларының...