FlyArystan Астана мен Алматыдан Ыстықкөлге тікелей рейс ұшырады
Қазақстандық лоукостер FlyArystan Ыстықкөлге маусымдық рейстер ұшыратынын хабарлады. 3 шілдеден бастап әуе компаниясы Астана — Тамшы (Ыстықкөл) — Астана бағыты бойынша рейстерді орындамақ.
Мұндай рейстер 31 тамызға дейін аптасына екі рет дүйсенбі және жұма күндері болады. Астанада рейстің ұшу уақыты – 07:30, Ыстықкөлге жету уақыты – 10:45. Қайтатын рейс 12:00-ге жоспарланған. Астанаға 13:20-да жетпек.
Бір бағыт бойынша билет құны 37 мың теңгеден басталатыны хабарланды, дегенмен оның құны валюта бағамына байланысты өзгеруі мүмкін екені айтылды.