Құқықтық көмек: Сенат Қазақстан мен Перу арасындағы үш құжатты мақұлдады
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан мен Перу Республикасының ынтымақтастығына бойынша үш заң мақұлданды.
Біріншісі — «Қазақстан Республикасы мен Перу Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Заңы.
Аталған шартқа 2024 жылғы қазан айында Астана қаласында қол қойылды.
Заңның мақсаты — уағдаласушы мемлекеттердің қылмыстардың алдын алуды, тергеп-тексеруді, қылмыстық қудалауды және сот төрелігін жүзеге асыруды...