Белсенді Ермек Нарымбаевтың қамау мерзімі ұзартылды
"Сот үкімін орындамағаны үшін" (430-бап) үстінен қылмыстық іс қозғалған белсенді Ермек Нарымбаевтың қамау мерзімі 3 мамырға дейін ұзартылды. Бұл жөнінде адвокаты Василий Садықов Азаттыққа хабарлады.
Адвокаттың сөзінше, 1 сәуір күнгі сот отырысында қорғау жағы Ермек Нарымбаевтың қарауында 81 жастағы сырқат әкесі барын айтып, бұлтартпас жазасын өзгертуді сұраған. Алайда "сот уәжімізді қабылдамады" дейді адвокат.
Биыл 5 ақпанда Астананың тергеу соты Ермек Нарымбаевты екі айға қамауға рұқсат берген еді.