Қазақстанда коммуналдық төлемдерді өсіруге қойылған мораторий аяқталды
Қазақстанда 1 сәуірден бастап коммуналдық төлемдердің бағасын өсіруге қойылған мораторийдің уақыты аяқталды. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияны реттеу комитеті хабарлады.
Комитет мораторий аяқталған соң коммуналдық төлемдердің бағасына қатысты тарифтік саясатты біртіндеп жүргізетінін, бірден шешім қабылданбайтынын айтты. Билік "тарифтік өзгерістер жасалса, экономикалық факторларды ескеріледі, көп өзгеріс болмайды" деп отыр.
Қазақстанда коммуналдық төлемдерге мораторий 2025 жылы 16 қазанда жарияланған.