Air Astana Дубайға ұшатын рейстерді тоқтату мерзімін 30 сәуірге дейін ұзартты
Таяу Шығыстағы қақтығыс әлі жалғасып жатқандықтан, Air Astana әуекомпаниясы Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын тұрақты рейстерді тоқтату мерзімін 1 сәуірден 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) ұзартуға мәжбүр болып отыр. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті.
Ұшуды алдын-ала жоспарлап, алайды ұша алмай қалған жолаушыларға келесідей нұсқаулық ұсынылды:
билет құнын толық қайтарып беру (айыппұлсыз);
Дубайға 30 маусымға дейін (қоса алғанда) ұшатын рейстерді тегін...