БАҚ: Трамп Ормуз бұғазы ашылмаса да Иранға қарсы операцияны тоқтатуға дайын
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы әскери операцияны, тіпті Ормуз бұғазы бұғаттаулы күйде қалса да, аяқтауға дайын екенін көмекшілеріне айтқан. Мұны Ақ үйдегі дереккөздердің сөзіне сүйеніп, The Wall Street Journal хабарлады.
Басылым мәліметінше, Трамп пен оның кеңесшілері бұғазды күшпен ашу әрекеті қарулы жанжалды созып жіберуі мүмкін деген қорытындыға келген. Осыған байланысты Трамп АҚШ негізгі мақсатына жеткен соң – Иранның әскери-теңіз күштері мен зымыран қорына ойсырата соққы бергеннен...