Прокурор ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға 6 жыл жаза сұрады
Өскеменнің қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот процесі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
31 наурызда жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыға алты жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Еске салайық, ШҚО әкімінің бірінші орынбасары ірі көлемде алаяқтық жасау және ірі көлемде пара алу бойынша айыпталып жатыр.
Сонымен қатар, прокурор Toyota Camry автокөлігін тәркілеуді, Жақсылық Омарға...