ҰБТ-ның баламасына 3 миллион доллар: Қазақстанда жаңа емтихан әзірленбек
Қазақстанда шетелде танылатын және ҰБТ-ға балама болатын жаңа ұлттық тест әзірленіп жатыр. Жобаның құны шамамен 3 миллион доллар. Бұл туралы үкіметтегі брифингте ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды Tengri Education.
Оның сөзінше, жаңа емтихан SAT сияқты халықаралық тесттерге ұқсас, бірақ талапкерлер үшін тегін болады.
"Бұл SAT сияқты, бірақ SAT емес. SAT тапсыру құны шамамен 150–160 доллар тұрады. Бұл үлкен жүктеме. Сондықтан біздің тест ҰБТ сияқты тегін болады және...