Алматыда үш кісіні мерт қылған апат жайлы пікір айтқан блогер әрі заңгер Әділетхан Молдахан ұсталды
Алматыда полиция әлеуметтік желілерде миллиондаған оқырманы бар танымал блогер әрі заңгер Әділетхан Молдаханды 30 наурызда уақытша ұстау изоляторына қамаған.
Алматы полиция департаментінің баспасөзге арналған хабарламасында Молдахан "көрінеу жалған ақпарат таратты" деген күдікпен ұсталғаны ғана айтылған. Полиция одан басқа ақпарат бермеді.
Өткен аптаның аяғында Әділетхан Молдахан әлеуметтік желіде Алматыдағы әл-Фараби даңғылында үш адамның ажалына себеп болған жол-көлік оқиғасын баяндап, пікірін жариялаған.