Коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге қойылған мораторий аяқталады: не өзгереді?
1 сәуірде Қазақстанда коммуналдық қызмет тарифтерін көтеруге қойылған мораторий аяқталады. Осыдан кейін тарифтер қайта қарала бастауы мүмкін, алайда үкімет бұл процестің кезең-кезеңімен және ұстамды түрде жүргізілетінін мәлімдеп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Тарифтер қалай өзгереді?
Табиғи монополияларды реттеу комитеті (ТМРК) баға күрт өспейтінін түсіндірді. Тарифтерді жағдайға байланысты біртіндеп және таңдамалы түрде түзету жоспарланған.
Негізгі логика - халыққа түсетін салмақты аурлатпай...