Астана тұрғыны Land Cruiser сатып алмақ болып, 20 миллион теңгесінен айырылып қалған
Астанада алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Не болды?
Полиция мәліметінше, Астанада ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша 39 жастағы ер адам ұсталды.
Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, Toyota Land Cruiser маркалы автокөлікті сатып алып беретінін желеу еткен. Алайда ол алдап, жәбірленушіден 20 миллион теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты заңсыз иемденген.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.