Қазақстанда алғаш рет жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды
Астанадағы University Medical Center Жүрек орталығында Қазақстанда алғаш рет кәмелетке толмаған науқасқа жүрек трансплантациясы жасалды. Ота 2026 жылы 28 наурызға қараған түні өткен, - деп хабарлайды TengriHealth.
Мән-жайы
Орталықтың баспасөз қызметі мәліметінше, 15 жастағы жасөспірім бес жыл бойы ауыр кардиологиялық дертке шалдыққан. Оның жағдайы жиі нашарлап, ұдайы ауруханаға жатуға мәжбүр болған. Толыққанды сауығудың жалғыз жолы жүрек ауыстыру еді.
Баланың өмірін сақтап қалған донор - ми өлімі тіркелген 43 жастағы ер адам.