Қарағанды облысында спортшылар бандасы рэкет және тонаумен айналысқан
Қарағанды облысында бір топ адамның қылмыстық әрекеті әшкере болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігі мәліметіне сүйенсек, топ мүшелерінің бірі спорт саласындағы беделін пайдаланып, спортты қолдау, дамыту деген сылтаумен жастарды ауыр және аса ауыр қылмыстарға тартқаны анықталған.
Ұрлық, бопсалау, алаяқтық және тонау деректері бойынша алты қылмыстық іс қозғалған.
"Қабылданған шаралар мен жедел әрекет нәтижесінде 20 адам ұсталды. 47 санкцияланған тінту жүргізіліп, заңсыз айналымнан атыс қарулары...