БҚО-да оқушылар мінген мектеп автобусы жол апатына ұшырады
Батыс Қазақстан облысында ішінде оқушылар отырған автобус жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін сағат 14:00 шамасында Подстепное кентінде жолаушы тасымалдайтын автобус пен мектеп автобусы жол апатына ұшыраған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от policebqo (@policebqo)
Алдын ала мәліметке сәйкес Самара-Шымкент республикалық тасжолымен келе жатқан жолаушылар автобусы мектеп автобусымен соқтығысып, салдарынан мектеп автобусы алда тұрған көлікке соғылған.