Алматы тұрғынына бөтен көлік үшін айыппұл салынған. Мұндай жағдайда не істеу керек?
Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде өзі жасамаған құқық бұзушылық үшін айыппұл келгенін жазды, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Жазба авторының айтуынша, оған жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл келген. Қаулыда оның TANK маркалы көлігі мен мемлекеттік нөмірі көрсетілген. Алайда камерадан алынған кадрда барлық мәлімет - сандар, әріптер мен аймағы бірдей Subaru көлігі тіркелген.
Көлік иесінің айтуынша, оған сақтандыру компаниясының қызметкерлері байланысқа шыққан. Олардың нұсқасы бойынша, базада BOG әріптік белгісі бар Subaru көлігі тіркелген.