Елімізде Тоқаев әйгілі альпинист Ильинскийге “Қазақстанның Еңбек Ері“ атағын тапсырды
Ақордада әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен әлем альпинизмінде аты аңызға айналған тұлғамен жүздескеніне қуанышты екенін жеткізді.
«Өзіңіздің зор қажыр-қайратыңыз бен аса жоғары кәсібилігіңіздің арқасында Қазақстан Республикасының көк Туы Жер шарының асу бермес асқарларында желбіреді. Әлемнің ең биік нүктелерін бағындырған тәжірибелі шыңға өрмелеуші...