Қазақстандық оқушы Гарвардқа оқуға түсті
Астана қаласындағы республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Бөрте Сайранбекқызы Harvard University-ге оқуға қабылданды.
Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, оқушы Advanced Placement бағдарламасының мүмкіндіктерін тиімді пайдаланған. Ол 10-сыныптан кейін түрлі пәндер бойынша 7 емтихан тапсырып, AP International Diploma иегері атанған.
«Бөрте қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Сонымен қатар, қытай тілін оқып, Advanced Placement бағдарламасы аясында қытай тілінен де емтихан тапсырды.