«Әйелмен әлем әдемі» атты фестиваль-байқау өтті
2026 жылдың наурыз айында «Анаға тағзым» отбасылық даму әлеуметтік орталығы мен «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалы Әйелдер қанатымен бірлескен «Әйелмен әлем әдемі» атты ерекше сұлулық фестиваль-байқауы өтті.
Бұл сұлулық фестивалінің мақсаты – орталық жанынан ашылған кәсіптік курстарды аяқтап, сертификат алып, еңбек нарығында сұранысқа ие маман болған қыз-келіншектер арасынан үздіктерді анықтау, олардың кәсіби шеберлігін көпшілікке таныстыру, тәжірибе алмасу, бәсекеге қабілеттілігін арттыру...