Ертең еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады — Қазгидромет
«Қазгидромет» 2026 жылғы 29 наурызға арналған Қазақстан аумағы бойынша ауа райы болжамын жариялады.
Болжамға сәйкес, жексенбі күні еліміздің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек елдің батысы мен оңтүстігінде атмосфералық фронттардың әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін.
Республика аумағында тұман түседі, солтүстік өңірлерде көктайғақ пайда болуы ықтимал. Батыс, оңтүстік және орталық аймақтарда жел күшейеді. Сонымен қатар оңтүстік-батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал.