Адвокат медициналық көмекке зәру Әсет Матаев карантинде отырғанын айтты
ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев карантинге ауыстырылған. Бұл жөнінде адвокаты Рена Керимова хабарлады.
“Мерекелерден кейін бейсенбі күні тергеу изоляторына Әсет Матаевқа кіріп шықтым. Оған қараудың өзі ауыр: маңдайында үлкен тыртық, көзі ісіп кеткен, бетінің жартысы қап-қара, ісінген. Ол осындай халде жаңадан келген қамалушылармен бірге карантинде отыр. Карантин 15 күнге созылады” деп жазды адвокат.
Ақпаратқа реакция білдірген адвокат Сәуле Көпжанова да журналистке тағайындалған бұлтартпас шараның қаталдығын алға тартты.