Қордай ауданында колледж базасында заманауи тігін цехы іске қосылды
Жамбыл облысындағы №7 Бетқайнар колледжінде заманауи тігін цехы іске қосылды. Бұл бастама студенттердің кәсіби дайындығын жаңа деңгейге көтеріп, білім мен өндірісті нақты біріктіретін бірегей алаңға айналды.
Колледждің бос ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, шағын кәсіпорынды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Нәтижесінде толық жабдықталған тігін цехы пайдалануға берілді. Мұнда «тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының студенттері дипломалды тәжірибеден өтіп...