28 наурызда Қазақстанда қай жолдар ашық, қайсысы жабық
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
2026 жылғы 28 наурыз сағат 08:00–дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар автожолдардың келесі учаскелерінде көлік қозғалысы ашылды:
Шығыс Қазақстан облысы
• «Өскемен — Семей» автожолы, 12-103-шақырым (Өскемен қаласы — Казачье ауылына бұрылыс — Абай облысының шекарасы).
Абай облысы
• «Өскемен — Семей» автожолы, 103-198-шақырым (Шығыс Қазақстан облысының шекарасы — Семей қаласы).