Парламент Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы Конституциялық Заңды қабылдады
Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Конституциялық Заң екінші оқылымда қаралып, қабылданды.
— Екінші оқылымға дайындау барысында Бірлескен комиссия Парламент депутаттары мен тұрақты комитеттердің ұсыныстарын қарап, жан-жақты талқылады. Депутаттардың түзетулері бойынша заң жобасының нормалары жаңа Конституция ережелеріне сәйкес келтірілді. Құжаттың атауы енді «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» ҚР Конституциялық Заңы болып өзгертілді...