Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу шегін тағы да көтермек
Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін жинақ иесінің зейнетақы қорындағы шотында міндетті түрде қалуы тиіс қаражат мөлшерін ("жеткілікті шек") көтеру жоспарланып отыр. Бұл жөнінде 26 наурызда Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, кейінгі бес жылда қазақстандықтар зейнетақы жинақтарынан шамамен 5 триллион теңге алған. Оның елеулі бөлігін жастар алыпты.
"Санаттар бойынша қарасақ, 20-35 жас аралығындағы жас азаматтар шамамен 1 триллион теңге [жинақ шотынан] алған"...