Путин Ресейден ЕАЭО елдеріне ақша мен алтын шығаруды шектейтін жарлық шығарды
Ресей президенті Владимир Путин Еуразия экономика одағы елдеріне – Армения, Беларусь, Қазақстан мен Қырғызстанға – қолма-қол рубль мен алтын шығаруға шектеу енгізетін жарлыққа қол қойды.
Енді 1 сәуірден бастап жеке тұлғаларға 100 мың долларға тең сомадан асатын рубльді Ресейден алып шығуға, ал кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – сомасына қарамастан толық тыйым салынады.
Ерекше жағдайда қаражатты халықаралық әуежайлар арқылы шығаруға рұқсат етіледі, бірақ ақша иесінің банк шотынан ақша алынғанын растайтын құжаты болуы шарт.