Добавить новость

Колумбияда ұшақ апатынан кемі 66 адам қаза тапты

Колумбияның оңтүстігінде әскери-әуе күштеріне тиесілі ұшақ апатқа ұшырап, кемі 66 адам қаза тапты. Бұл жөнінде елдің қарулы күштерінің басшысы хабарлады. Ұшақта 125 жолаушы болған, алдын ала мәлімет бойынша, оның көбі – әскерилер. Елдің әуе күштерінің басшысы Фернандо Силва әлеуметтік желіде жарияланған видеоүндеуінде Lockheed Martin Hercules C-130 ұшағында 114 жолаушы және 11 экипаж мүшесі болғанын айтты. Колумбия қорғаныс министрі Педро Санчестің айтуынша, апат Пуэрто-Легисамо аймағында ұшақ әуеге көтеріле бергенде болған.
Губернаторы России



Заголовки
Заголовки
Moscow.media
Ria.city

Новости России




Rss.plus

Музыкальные новости


Новости тенниса







Новости спорта