Таразда Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтілді
Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласында Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесі кең көлемде, ерекше сән-салтанатпен атап өтілді.
Думанды мерекелік іс-шараға қатысқан өңір басшысы Ербол Қарашөкеев ақшаңқай киіз үйлерді аралап, цифрландыру және жасанды интеллект жобаларымен танысты. Сондай-ақ барша жамбылдықты ынтымақ пен бірліктің, береке мен ырыстың символына айналған Наурыз мейрамымен құттықтады.
– Әз Наурыз – бұл тек мереке емес. Бұл – жаңару мен жаңғырудың, ізгілік пен мейірімнің, татулық пен келісімнің айқын көрінісі.