Белсенді Санжар Боқаев екі айға қамалды
19 наурызда Алматының тергеу соты белсенді Санжар Боқаевты екі айға қамады. Бұл ақпаратты адвокат Диас Ахметовке сүйенген журналист Вадим Борейко хабарлады.
Адвокаттың айтуынша, Боқаевтың жақындары оған кепілдік беруші ретінде сөйлеген, алайда сот мұны ескермеген. Боқаев ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматыдағы тергеу изоляторында қамауда болмақ.
Боқаевтың ұсталғанын бас прокуратура 18 наурызда хабарлаған. Прокуратура "Боқаев аса ірі мөлшерде қаржыны алаяқтық жолмен жымқырды, жалған ақпарат таратты...