«АХЫСКА» ТҮРІК ОРТАЛЫҒЫ 200 АДАМҒА АУЫЗАШАР БЕРДІ
2026 жылдың 19 наурызында Наурыз мейрамы және Ораза-айт мерекесі қарсаңында Жамбыл облыстық «Ахыска» этномәдени бірлестігі бірлестік төрағасы Махмуджон Давришевтің бастамасымен Тараз қаласындағы Grand Royal мейрамханасында өңірдің этномәдени бірлестіктері өкілдеріне және Тараз қаласының тұрғындарына – 200 адамға ауызашар дастарханын ұйымдастырды.
Қасиетті Рамазанның соңғы күнінде бас қосқандар дастарханнан дәм татып қана қоймай, достық пен бірлікті, этносаралық қатынас пен татулықты нығайту мақсатында ізгі тілектермен де алмасты.