Өзбек бірлестігі Наурыз мерекесіне орай салт-дәстүрлерін таныстырды
Жамбыл облысында ұлтаралық татулық пен мәдени әралуандықты дәріптей тағылымды түсірілім жұмысы өтті. Бүгін аймақтағы өзбек этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен этностың салт-дәстүрі мен тағамдары кеңінен насихатталып, көпшілікке таныстырылды. Аталған шараны облыстық «77 арна» телеарнасы арнайы түсіріп, өңір жұртшылығына ұсынды.
Іс-шара барысында өзбек Аналар кеңесінің төрайымы Дилиорум Каримова өзбек халқының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан салттары – келін түсіру рәсімі, олардың тәрбиелік мәні мен мазмұнын жан-жақты түсіндірді.