"Атажұрт" белсендісі отырған камерада төбелес болғаны хабарланды. Түрме әкімшілігі жоққа шығарды
“Атажұрттың” қамалған белсенділерінің бірі Бекзат Мақсұтханұлына түрмеде провокация жасалған болуы мүмкін. 19 наурыз күні қамауда отырған «Атажұрт» белсенділерімен кездесіп шыққан соң туыстары мен жақтастары осылай деп мәлімдеді.
Талдықорғанға барып келген Әсен Нұрсәнұлының сол жақтан алған ақпараты бойынша, "Бекзат Мақсұтханұлымен бірге отырғандардың бәрі оған қарсы шығып, соңы жанжалға ұласқан". Кейін Мақсұтханұлын басқа камераға ауыстырған.
Бекзат Мақсұтханұлының өзі бұл жөнінде әйеліне ештеңе айтпаған.