Құттықтаймыз!
Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Аналар кеңесінің төрағасы Эльмира Мырза-Ғалиге мемлекеттік «Құрмет» орденін табыстады.
Құрметті Эльмира Мырза-Ғали, Сізді жоғары мемлекеттік марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі алған наградаңыз – ел дамуына қосқан елеулі үлесіңіздің, табанды еңбегіңіздің және жоғары кәсібилігіңіздің айқын көрінісі.
Осы мерейлі сәтте Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге толағай табыс тілейміз!