Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омардың ісі жеңілдетілген тәртіпте қаралмақ
Өскеменде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Өскемен қаласының бұрынғы әкімі Жақсылық Омардың ісі бойынша сот басталады. Бұл жөнінде Қазақпарат хабарлады. Алғашқы сот отырысы 19 наурызға тағайындалған. Бүгін соттың өткені-өтпегені туралы мәлімет жоқ.
Істі Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қарайды.
Сот кабинетіндегі құжатқа сәйкес, Жақсылық Омар Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары ("ірі көлемдегі алаяқтық"), сонымен бірге 366-бабы 3-бөлігінің...