Бірқатар заң мен заңға тәуелді актілерді жаңа Конституцияға сәйкестендіру керек — Үкімет басшысы
Үкімет жаңа Конституцияны ілгерілету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты.
— Қазақстандықтар Мемлекет басшысының барлық бастамаларын қолдап, өз дауыстарымен нағыз отаншылдықтың үлгісін паш етті. Бүгінде жаһан жұртының Қасым-Жомарт Тоқаевтың көшбасшылығына және қабылданған Конституциямыздың прогрессивті сипатына куә болғанын көріп отырмыз. Бұл Қазақстанның жоғары беделі мен жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігін айқын білдіреді.